Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

McDonald’s-тың бұрынғы мейрамханалары Қазақстанның тағы екі қаласында жұмыс істейді

Бұған дейін McDonald’s брэндімен жұмыс істеген, "Food Solutions KZ" басқаруындағы тағы алты мейрамхана Алматы, Қарағанды және Қостанайда ашылатын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Компания ұсынған мәліметтерге сәйкес, 26-27 қаңтар күні Алматыда тағы 4 мейрамхана ашылса, Қарағанды мен Қостанайда тағы бір мейрамханадан ашылатын болады. Тамақтану орындарының мекенжайлары төмендегідей: Алматыда: MEGA Park (Мақатаев к., 127/1, және Сейфуллин д., 483); Мамыр-4, 197; Тимирязев к. 38/3 үй; Ақсай-2, 8а; Қарағандыда Бұқар-Жырау д., 75/14; Қостанайда Тәуелсіздік к., 41. Cонымен бірге компанияның баспасөз қызметі барлық қажетті өнім көлемін алғанын әрі меймандарды қарсы алуға дайын екендерін хабарлаған.
Ал бұрынғы McDonald’s мейрамханаларының қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтап қалған. "Мейрамхана жұмысы бұған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттаына сай жалғасатын болады, сондай-ақ бизнесті жүргізу қағидаттары да ескеріледі", - дейді компания өкілдері. Айта кетейік, мейрамханалардың жаңа атауы әлі белгісіз, компания өкілдері оны кейінірек хабарлайтынын айтады.
Еске салсақ, бұған дейін McDonald's мейрамханалар желісі Қазақстанда жұмыс істемейтін хабарлаған едік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда "McDonald’s" желісінің жабылуына қатысты пікір білдірген болатын. Кейінірек, McDonald’s мейрамханалар желісінің Алматыда бес, Астанада үш мейрамханасы қайта ашылғанын хабарлаған едік. Алайда мейрамхана сыртында McDonald’s жазуының орнына "Біз ашықпыз" деген жазу ілінген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді