Синоптиктер сәрсенбі, 11 қаңтарда еліміздің ірі қалалары мен өзге де облыстарда ауа райы қандай болатынын болажды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін респбуликаның басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі. Маңғыстау облысында 25 градусқа дейін, Ақмола облысында 40 градусқа дейін, Қарағанды облысында 35-38 градусқа дейін, Ақтөбе облысында 35-36 градусқа дейін, Атырау облысында 30 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде 25-27 градусқа дейін, Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градусқа дейін қатты аяз сақталады. Сонымен қатар бүгін Алматыда да -10...-12 градус аяз күтіледі, кейін ауа температурасы тағы төмендеуі мүмкін.
Бұған қоса оңтүстік астанада қалың қар жаууы ықтимал. Ал желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Астанада да қар жаууы мүмкін, алайда елордада бүгін -26...-28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Сонымен қатар бас шаһарда желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді деп күтіліп отыр. Шымкентте бүгін күн ашық, -8 -10 градус аралығында аяз болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
11-01-2023, 09:08
40 градус аяз: сәрсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз