Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының Сарысу ауданында ТЖ режимі енгізілді

Жамбыл облысының Сарысу ауданында қолайсыз ауа райының сақталуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы облыстың ресми Instagram парақшасы хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 
ТЖ режимін Сарысу ауданының әкімі жариялады. Белгілі болғандай, ауданның кей жерлерінде желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жеткен. Сондай-ақ дауыл салдарынан Жаңатаста шамамен 20 электр бағанасының құлағаны анықталды. Жергілікті әкімдік бағаналарды жөндеу жұмыстарын күшті желдің беті қайтқаннан кейін бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар "Шахан" қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алғаны белгілі болды. Бұған қоса Жаңатас қаласындағы жылу желісі жүйесіндегі суды ағызып тастау туралы шешім қабылданған.
"Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, ыстық тамақпен қамтылуда. Жылу беру электр желілерін қалпына келтірілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ауыз су кесте бойынша берілуде", - деп жазылған хабарламада. 
Бүгінде аудандық орталық ауруханада 45 адам ем алып жатыр. Сонымен бірге аурухананың 4 генераторға қосылғаны әрі жылыту құрылғыларының қосылғаны белгілі болды. Ведомствода хабарлағандай, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары 4 қаңтар таңнан басталмақ. Оған 10 бригада жұмылдырылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" республикалық тас жолында қозғалыс шектелгендігін хабарлаған. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Сарысу ауданында 60 автокөлік жолда қалып қойған. Оның ішінде 300 адам (65 бала) №29 орта мектебіндегі жылыту пунктіне жеткізілген. Сол сияқты 21 тұрғын Шымкент бағытына полиция қызметкерлерінің қадағалауымен жөнелтілген. Ал 203 адам пойызбен межелі жерге бару үшін теміржол вокзалына жеткізілген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады