Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды осы тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі қызметін атқарған Бауыржан Асанов атқаратын болды. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен, жер, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді, деп хабарлайды әкімдік сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бауыржан Асанов 1968 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1992 жылы К. И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын бітірді. 2003 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер дипломын алды. 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алған. Іскерлік әкімшілендіру докторы. Мамандығы бойынша ветеринар, заңгер, экономист. Ол 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Қарағанды қаласының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын, Астанадағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасын, Қарағанды облысының ветеринария басқармасын басқарды. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі болып жұмыс істеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды