Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Алматы облысының таулы аумағында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда көліктердің бірінің аударылып қалғанын және зардап шеккендерге көмектесіп жатқан адамдарды байқауға болады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 20 желтоқсан күні Алматы облысы Кеген ауданында болған. Жол апаты Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant автокөліктерінің соқтығысуынан болған. "Hyundai Santamo көлігін 44 жастағы ер адам басқарған, ол Кеген-Көкпек-Түп бағытындағы жолдың 60 шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Hyundai көлігінің жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен екі адам жеткізілген", - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3 бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты