"Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен", - деп жазды Дидар Қамиев.
Ақынның қай аураханада жатқаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Айта кетейік, Жүрсін Ерман 1951 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін журналистика саласында біраз жыл қызмет атқарады. Кейін "Ұлытауға бардың ба?..", "Құдіретке жүгіну", "Екі тізгін, бір шылбыр" және тағы да басқа бірнеше авторлық кітаптарды жарыққа шығарды.
Жүрсін Ерман 1984 жылдан бері айтыстың үлкен сахнаға шығуына үлес қосып келеді.