Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Риши Сунакты Ұлыбритания премьер-министрі болуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Риши Сунакты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған kazlenta.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Риши Сунактың көшбасшылық қасиеті мен өзгерістер бағдарламасы Ұлыбританияны қуатты әрі тұрақты етуде шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

"Қазақстан Ұлыбританиямен арадағы берік достық, өзара құрмет пен сенімге негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізіп, достас мемлекеттеріміздің игілігі жолында одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 20 қазан күні Ұлыбритания премьер-министрі лауазымын атқарған Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Кеше, 25 қазан күні елдің бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак жаңа премьер-министр болып сайланды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады