Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда атыста бір адам қаза болып, тағы екі адам жарақат алды

Атырауда атыстан бір адам қайтыс болып, екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құзырлы органның агенттікке хабарлауынша, оқиға 21 қазанда түнде Атырау қаласында болған. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына сағат 04:14 шамасында облыстық ауруханадан кеудесінде оқ жарақаты бар ер адамның денесі жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқ жарақатынан мерт болған адамның жасы – 21-де. Сонымен қатар ауруханаға 18 және 19 жастағы екі адам оқ жарақатымен жеткізілген. Олар оқ бытырасынан жарақат алған. Қазір екеуі де облыстық ауруханада жатыр", - дейді құзырлы органның баспасөз қызметінің өкілдері.
 
Сондай-ақ полицияның баспасөз қызметі атыс Атырау-2 шағын ауданында бір топ жігіттің арасында өзара келіспеушіліктен соң болғаны анықталғанын атап өтті. Құзырлы органның дерегінше, қазіргі таңда қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. Ведомство өзге ақпарат Қылмыстық процестік-кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Сәтбаев қаласында оқ жарақатын алған 24 жастағы жігіттің оқиғасына қатысты тағы бірнеше күдікті ұсталғанын хабарлаған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады