Жм, 02 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты іс сотқа жолданды

Түркістан облысында “Индиго 24”-“Evolution Corpоration” қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты 950 томдық қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды,  деп хабарлайды kazlenta.kz.
Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың жазынан бастап республиканың ішкі істер органдарына “Индиго 24” қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтардан арыздар түсе бастады. Олар негізінен Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары. Осылайша жәбірленушілер саны екі мыңнан астам азаматты құрады.

Азаматтардың арыздары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) және 217-бабы (Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қылмыстық іс аясында қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлері 25 адамды анықтап, ұстады. Олар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары секілді үш мегаполистің және Түркістан облысының тұрғындары. Тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді.

Жасалған қылмыстың ауқымын ескере отырып, ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы ПД базасында еліміздің бес облысының тергеушілерінен құрамында 30 тергеуші бар тергеу тобы құрылды.

Ал сол топты Түркістан облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі полиция майоры Алтынай Жолымбекова басқарды, ол тергеу тобындағы жалғыз әйел. Тергеуге жеті арнайы прокурор да қатысты. Тергеу тобының жұмысына жедел уәкілдермен бірге сарапшылар және аудармашылар тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі жылдан астам уақыт бойына жалғасты.

 Осы уақыт ішінде полицейлер мен прокурорлар күдіктілердің кінәсінің дәлелдерін жинау бойынша ауқымды жұмыстарды атқарды, оның ішінде сараптаманың 15 түрі тағайындалды. Сондай-ақ тергеу тобы қылмыстық топтың 2018 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың тамыз айы аралығында, яғни жарты жыл ішінде салымшыларға кепілді жүз пайыздық пайда беруге уәде ете отырып, алаяқтық жолмен сенгіш азаматтардан үш миллиард теңгеден астам қаражатты иемденгенін анықтады. Күдіктілер алаяқтық жолмен түскен ақшаны өзара бөлісіп отырған. Азаматтардың басым бөлігі қаржы пирамидасына кіру үшін өздерінің үйлерін кепілге қойып, несие алған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер қылмыстық топтың ұйымдасқан сипатта болғанын, жоспарланған түрде әрекет еткенін және әр қатысушының рөлдері нақты бөлінгенін дәлелдей алды.

Нәтижесінде полицейлер мен прокурорлар айыптау актісімен 160 мыңнан астам беттен тұратын көп томдық қылмыстық істі сотқа жолдады. Күдіктілерге ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық), 217-бабы (Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) және 262-бабы (Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету) бойынша айып тағылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті