Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік техникалық қызмет Қазнетке жасалған миллиондаған кибершабуылдың бетін қайтарған

Мемлекеттік техникалық қызметтің "Киберқалқан" кешенінің қорғаныс құралдары ішкі және сыртқы периметрлерден жасалған шабуылдардың бетін қайтарған. Бір айда 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілген, деп хабарлайды МТҚ ресми сайтында, деп жазады kazlenta.kz

Мемлекеттік техникалық қызмет кибершабуылдар елімізде кезектен тыс президент сайлауымен байланысты деп болжайды. "Мемлекеттік техникалық қызмет "Киберқалқан" кешені қорғау құралдары кибершабуылдарға тойтарыс беруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда қауіпті азайту үшін нақты уақыт режимінде барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Киберқалқан" зиянды трафикті және зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарды анықтайды", - делінген хабарламада.
 
Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметіне сәйкес, бір айдың ішінде 20 миллионға жуық шабуылға тойтарыс берілген. МТҚ баспасөз қызметі DDoS-шабуылдар бүкіл әлемде орналасуы мүмкін вирус жұққан компьютерлер мен ботнет деп аталатын IoT құрылғыларының желілері арқылы жасалғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда "Киберқалқан" күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға қай елдің шабуыл жасап жатқаны туралы деректер әлі жоқ екенін айтқан болатын. Алайда ол министрліктің киберқауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп жатқанын жеткізді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті