Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық кеңес мүшелері "Су ресурстары–Маркетинг" ЖШС ұжымымен кездесті

Шымкентте қоғамдық кеңес мүшелері
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиындағы күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы болды.

Жиынды «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман ашып, алғысөзді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің және қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берді. Бауыржан Ілімшеұлы Президент Жолдауында көтерілген қоғамдағы демократия, жаңа экономикалық саясат, ауыл шаруашылығының жаңа секторларын дамыту, заңнама жүйесін жаңғырту сияқты өзекті тақырыптарға тоқталды.

"Бұл Жолдау Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша биылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумның жалғасы іспетті болды. Ол саяси оқиғаның алдында өте ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ата Заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жаңа мемлекеттік басқару моделіне, билік пен қоғамның өзара байланысының жаңа форматына ауысы басталды. Мемлекет басшысының Жолдауында, сонымен қатар, заң мен тәртіп, басқару жүйесін қайта құру, сот жүйесінің реформасы секілді тақырыптар көтерілді. Себебі, ескі жүйенің мерзімі өтті, қазіргі таңдағы қолданысқа сай емес. Сол үшін халық арасында үнемі ақпараттық-насихат жұмысы жүргізілуі керек. Көбісі Жоғары соттан кейін шағымданатын орын жоқ деп санайды. Олай емес, біздің елімізде Конституциялық сот бар", – деді Бауыржан Ілімшеұлы.

Жиында қоғамдық кеңестің мүшелері Абдулла Ахметов,Исмаил Шалабаев, Ербол Жолбарысов және басқа да спикерлер Жолдауда көтерілгентек саяси ғана емес, экономикалық мәселелерге, Президент берген тапсырмаларғатоқталып өтті. Олардың айтуынша, бүгінде мемлекетіміз демократияның даңғылжолына түсіп, елімізде әлеуметтік салаға да баса назар аударылуда.

Кездесуде жер қатынастары, салық жүйесіндегіжаңашылдықтар да сөз болды. Бауыржан Әлтеевтің айтуынша, шағын және ортабизнеске салық салуға дифференциялы түрде келу керек. Жақсы жұмыс істеп, елэкономикасына үлес қосып жүрген, табыс тауып, қызметкерлеріне жақсы жалақытөлейтін кәсіпкерлік нысандарына жеңілдік берген дұрыс деп санайды қоғамдықкеңес мүшесі. Спикер тиімді әрі заң талабын мүлтіксіз орындайтын кәсіпкерлергеиндустриалды аймақтардағы жер учаскелерінің бір бөлігін жеке меншікке де беругеболады дейді.

"Мемлекетіміздің басты құндылығы – адамжәне оның өмірі. Дегенмен, өкінішке қарай, бүгінгі таңда денсаулық сақтауқызметі көрсетілмейтін ауылдар да бар. Алдағы 2-3 жылда бізгефельшерлік-акушерлік пункттер құрып, ауылдағы ағайын алысқа сандалмайтындайжағдай жасау керек", – деді Бауыржан Әлтеев.

Жиында еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері деталқыланды. Айтқандай, оның көлемі 2023 жылы 70 мың теңге болады. Және мұныментоқтамайды десті. Ал Анарбек Орман шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынанкөрсетілетін қолдау арта түссе деген ниетін жеткізді.

"Бұлай өте дұрыс болар еді. Мысалы, АнарбекОрман – өз жұмыскерлерінің әлеуметтік құқықтарын үнемі қорғап жүретін жұмысберуші. Ол басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік қалалық кәсіподақ бірлестігініңқұрамына енеді. Және біз қатарымызда осындай мекеме бар екенін мақтантұтамыз", – деді Бауыржан Әлтеев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді