Қазақстанда өткен тәулікте 300-ден аса адам коронавирус жұқтырды. Ресми ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram арнасында мәлім етті.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 321 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 59, Алматы қаласында - 31, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 39, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 37, Қарағанды облысында - 40, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 9, Павлодар облысында - 16, Солтүстік Қазақстан облысында - 22, Түркістан облысында - 1.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 390 908-ге жетті.
8-09-2022, 09:37
Өткен тәулікте 300-ден аса адамда коронавирус анықталған
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз