Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2054 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында хабарлады.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 806, Алматы қаласында - 532, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында - 83, Жетісу облысында - 84, Атырау облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Абай облысында - 26, Жамбыл облысында - 76, Батыс Қазақстан облысында - 20, Қарағанды облысында - 130, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 36, Маңғыстау облысында - 14, Павлодар облысында - 28, Солтүстік Қазақстан облысында - 8, Түркістан облысында - 11.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 333 547 жетіп отыр.
25-07-2022, 13:12
Өткен тәулікте елімізде 2000-нан астам адамнан COVID-19 анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз