Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 230-ға дейін азайды, деп хабарлайды елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
30 тамызда коронавирус инфекциясы анықталған 230 адамның: 44-і Нұр-Сұлтан қаласынан; 36-ы Алматы қаласынан; 2-еуі Шымкент қаласынан; 20-ы Ақмола облысынан; 4-еуі Ақтөбе облысынан; 3-еуі Алматы облысынан; 9-ы Атырау облысынан; 2-еуі Шығыс Қазақстан облысынан; 1-еуі Жамбыл облысынан; 20-ы Батыс Қазақстан облысынан; 35-і Қарағанды облысынан; 24-і Қостанай облысынан; 4-еуі Қызылорда облысынан; 10-ы Маңғыстау облысынан; 6-ауы Павлодар облысынан; 9-ы Солтүстік Қазақстан облысынан; 1-еуі Түркістан облысынан. Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 388 479-ге жетіп отыр. Сонымен қатап өткен тәулікте, 401 адам коронавирустан жазылып шыққан.
31-08-2022, 09:07
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 230-ға дейін төмендеді
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз