Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ тартуға 62,5 млн теңге бөлінді

Астанадағы тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ тартуға бөлінетін сома 2 есе ұлғайды, есептегіштер тегін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Үйлерге газ тарту жұмысын жеңілдету үшін осыған дейін бірқатар шаралар қабылдадық: қажетті құжаттар тізімі қысқарды, жағдайы төмен отбасыларға бөлінетін сома 2 есе ұлғайды, есептегіштер (газды есептеу құрылғылары) тегін беріледі, сол сияқты пайызсыз несие беру бағдарламасы да бар.


Мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады. Сәуір айынан бастап материалдық көмек көлемі екі есе артып, 410 мың теңгеден (130 АЕК-ке дейін) асты.


Осы әлеуметтік көмек бойынша тамыз айында 188 отбасы өтініш білдірді, оның 178-іне тағайындалды. Көмек алғандар арасында зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы отбасылар және т.б. бар. Жалпы сомасы – 62,5 млн теңгеден астам.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін алу үшін өтінімді egov.kz порталы арқылы беру қажет. «Күтіп ұстау» бағанында тұрғын үйді газдандыру бойынша әлеуметтік көмек, ал «алушы» бағанында – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таңдалуы қажет. Газдандыру жұмысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Әкімнің айтуынша, Сарыарқа және Алматы аудандары толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. 680 км астам газ тарату желісі салынып, кварталішілік желілер тартылды. 14 мың абонент газға қол жеткізді, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарт алды, 4,6 мыңнан астам үй газ құбырына қосылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар газбен жабдықталды.


Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмысы басталды. Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елді мекендері, «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және басқасында жұмыс жүріп жатыр. «Шұбар» шағын ауданында жобалау жұмысы басталды.


Ал, Есіл және Байқоңыр аудандарында алдымен жеткізуші газ құбыры, келер жылы кварталішілік желілер салынбақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты