Экспресс К қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыдағы алаң маңына жинала бастаған халықтың адуынын басуға шыққан полицейлердің бірімен әңгімелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық патрульдік полиция қызметінің инспекторы Арман Байысбаевтың құзырлы органда қызмет етіп жүргеніне 20 жылға жуықтаған. Ол 4 қаңтардың кешінде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін үйіне қайтады. Бірақ сағат 22:00-ге таман шұғыл хабарлама келіп, жұмысқа қайтадан кеткен.
“Қолымызға қалқан, басымызға каска киіп, шеруге шыққан халықтың адуынын басуға шықтық. Түнгі сағат 2-лер шамасы. Тимирязева көшесінен Сейфуллин көшесіне бұрылған сәтте алдыңғы толқынды байқадық. Бірден шеп құрып, қолдағы қалқанды ұрғылай алға жүрдік. Бізге ешқандай шара қолданбау жайлы бұйрық берілді, тек шығынсыз халықты үйлеріне қайтару басты мақсат еді. Бірақ ашуға булыққан адамдар біздің ескертуімізге қарамады. Қолдарында тас, ағаш, арматура. Бірден шабуылға көшті. Тас лақтырып, лап берді.
Сол сәтте шегінуге тура келді. Мен үлгермедім. Топтың арасында қалып кеттім. Бірден бірнешеуі тепкінің астына алды. Таспен ұрғанда құладым. Қанша жатқаным белгісіз, қабырғам шыдатпай ауырғанын сезгенімде ес жидым. Одан кейін 15 минуттай тоқтаусыз сабады. Аяғыма үшкір зат тықты. Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Бүктеліп жатып бұл аяқтала ма, жоқ па, осымен өмірім соңына жетті ме деген ойлар келді. Абырой болғанда ішіндегі азаматтардың бірі “болды ұрмаңдар, жетеді, бұл да қазақтың баласы ғой” деп тепкінің астынан алып шығып, жарты жолға дейін жеткізіп тастады. Сосын “бауырым, кетіп қал, әйтпесе өлесің”, – деді.
Ақсаңдап жұмысқа бет алдым. Ол кезде ет қызулықпен аяғымның сынғанын сезбеген екенмін. Тек қабырғам ауырып, тынысым тарылып, әрең қозғалдым. Содан әріптесім қолтықтап алып кетті. Жедел жәрдем шақырып, қалалық 12-ші ауруханаға жеткізді. Ары қарай көп нәрсе есімде жоқ. Басымды тіккен, ем-дом жасаған. Кейін бір есімді жиғанда қаланы қиратып жатыр, тонап жатыр, атыс болып жатыр, өртеп жатыр дегенді естідім”, — дейді Арман.
Ауруханада бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, жарылған басын тіккен, сынған қабырғалары мен аяғына ем жасалған. Араға бірнеше күн салып үйге шығарылса да Арман әлі емін жалғастыруда.Сол сәтте шегінуге тура келді. Мен үлгермедім. Топтың арасында қалып кеттім. Бірден бірнешеуі тепкінің астына алды. Таспен ұрғанда құладым. Қанша жатқаным белгісіз, қабырғам шыдатпай ауырғанын сезгенімде ес жидым. Одан кейін 15 минуттай тоқтаусыз сабады. Аяғыма үшкір зат тықты. Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Бүктеліп жатып бұл аяқтала ма, жоқ па, осымен өмірім соңына жетті ме деген ойлар келді. Абырой болғанда ішіндегі азаматтардың бірі “болды ұрмаңдар, жетеді, бұл да қазақтың баласы ғой” деп тепкінің астынан алып шығып, жарты жолға дейін жеткізіп тастады. Сосын “бауырым, кетіп қал, әйтпесе өлесің”, – деді.
Ақсаңдап жұмысқа бет алдым. Ол кезде ет қызулықпен аяғымның сынғанын сезбеген екенмін. Тек қабырғам ауырып, тынысым тарылып, әрең қозғалдым. Содан әріптесім қолтықтап алып кетті. Жедел жәрдем шақырып, қалалық 12-ші ауруханаға жеткізді. Ары қарай көп нәрсе есімде жоқ. Басымды тіккен, ем-дом жасаған. Кейін бір есімді жиғанда қаланы қиратып жатыр, тонап жатыр, атыс болып жатыр, өртеп жатыр дегенді естідім”, — дейді Арман.
“Диагноз өте ауыр. Желкем жараланып, миым шайқалған. Сол жақтағы екі қабырғам сынған. Сол жақ шынтақ сүйегім, білегім және сол аяғым сынған. Оң аяғыма үшкір зат тыққан. Жалпы, сол күнгі хәлімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазір сәл де болса жақсымын. Бастысы бас аман”, — деп қорытындылады ол өз сөзін.
Видеоға сілтеме арқылы өте аласыз.