Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Алматыда кем дегенде 50 мың жұмыс орны құрылады — Е. Досаев

2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматының ел экономикасындағы үлесі алдын ала болжам бойынша 18%-ды құрады. Елдің кірістеріндегі қаланың үлесі 25,6%-ға дейін өсті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Өткен жылғы қала экономикасының даму көрсеткіштері жоғары өсу динамикасын көрсетті. Алғаш рет қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 1 200 трлн теңгеге жуықтады, оның 81,5%-і – жеке инвестициялар. 

Қала басшысының айтуынша, әкімдік Қазақстан Үкіметімен бірлесіп қаланы тезірек қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдап жатыр.

«Бүгінде Қазақстанда зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 88%-ы Алматыға тиесілі. Оларға қажетті қолдау көрсету үшін Алматы әкімдігінің бастамасы бойынша биылғы 2 ақпанда Үкіметтік комиссияның шешімімен 5 млн теңгеге дейінгі сомаға өтем алу мүмкіндігін ұсыну жолымен зардап шеккен ШОБ субъектілері үшін залалды өтеу тәртібі жеңілдетілді, сондай-ақ зардап шеккен кәсіпкерлерге төлемдер беріле бастады. Жалпы зардап шеккен 1 527 кәсіпкерден, біздің болжамымыз бойынша, залал сомасы 3 млн теңгеге дейін 675 кәсіпкер биылғы 21 ақпанға дейінгі мерзімде қаланың қайырымдылық қорлары арқылы өтем алады. 5 млн теңгеге дейін төлеу үшін жеңілдетілген тетікті енгізу тағы 578 кәсіпкерге жедел өтем алуға мүмкіндік береді. Осылайша, 1 253 ШОБ субъектісінің немесе 82%-ының алдағы 2-3 апта ішінде залалы өтелетін болады. Қалған 274 субъектіге қажетті сараптамалар мен бағалау нәтижелерін алғаннан кейін беріле бастайды», — деді Е. Досаев.

Қажетті сараптама нәтижелерін алу мерзімін қысқарту үшін Үкіметтің қолдауымен сот-экономикалық сарапшылардың саны 8-ден 30-ға дейін көбейді. Бүгінгі күні 260 өтінім бойынша 456 млн теңгеге өтем төленді.

Осы уақытқа дейін қалада қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, істен шыққан 587 көше бақылау камерасының жұмысы қалпына келтірілді. Қосымша 2022 жылдың маусымына дейін адамдар жаппай жиналатын жерлерде 3 050 камера іске қосылады және қаланың шалғай аудандарында 200 Сергек кешені орнатылады. Көшелерді және аулаларды жарықтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Биыл 1 066 жартылай жарықтандырылмаған көшелер мен 486 аула аумақтарында сыртқы жарықтандыру жұмыстары аяқталады.

Алматы экономикасының құрылымында қызмет көрсету және сауда саласы 80%-дан асады. Сондай-ақ ШОБ жаңа жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі болып табылады. 10 алматылықтардың 6-ы бүгінде осы салада жұмыс істейді. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау шараларына қосымша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Almaty Business 2025» өңірлік бағдарламасын қаржыландыру қазіргі 12 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Биыл кемінде 50 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде 31 мыңнан астамы – бизнес есебінен ашылады. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және ағымдағы бизнесті кеңейту үшін басты сын-тегеурін білікті кадрлардың жеткіліксіздігі болып табылады. Сондықтан, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылатын болады.

«2022 жылы халықтың нақты табысының 5%-ға дейін өсуін, ЖӨӨ-нің 4,5%-дан кем емес өсуін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», — деді Алматы қаласының әкімі.

Ерболат Досаев атап өткендей, азық-түлік тауарлары бағасының өсуі халықтың нақты табысына теріс әсер етеді. Осыған байланысты бағаны тұрақтандыру үшін кешенді шаралар қабылдау көзделген. Бұл мақсатқа 2021 жылы жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда қала базарларындағы «айналым схемасы» мен «әлеуметтік дүкендер» аясында қаржыландыруды едәуір ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр. Шешім ақпан айының соңына дейін қабылданады. Азық-түлікті «үй жанындағы дүкендерге» тікелей жеткізуге 204 келісімшарт, сондай-ақ нан, күнбағыс майы және қарақұмық өндірушілерімен дүкендерге белгіленген бағамен жеткізу бойынша 19 меморандум жасалды.

Қала халқының айтарлықтай өсуі аясында оқушы орындарының тапшылығы үлкен мәселелердің бірі. Өткен жылы Алматыда 33 жаңа мектеп іске қосылды, олар 15 719 жаңа оқушы орнын құруға және тапшылықты 46%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Осы жылдың 1 қаңтарына оқушы орындарының тапшылығы 19 611 құрады. Тапшылықты одан әрі төмендету мақсатында 2022 жылы 46 орта білім беру объектісінің құрылысы жалғастырылады, оның 22-сі биыл 14 245 орынға арнап пайдалануға беріледі.

«Алматыда жарияланған Балалар жылы аясында балабақшаларға кезектілікті төмендету үшін биыл 10 340 орындық 82 мектепке дейінгі мекеме ашу жұмыстары басталады, оның ішінде 60 жеке балабақша және 6 560 орындық 2 мемлекеттік балабақша 2022 жылы ашылады. Балаларға қосымша білім беру бойынша 73 147 орынға мемлекеттік тапсырыс кеңейтіліп, 2 заманауи Инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы, 4 Оқушылар үйін жаңғырту жұмыстары басталады», — деді қала басшысы.

Е. Досаевтың айтуынша, 207 мемлекеттік мектептің біразы қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Осыған байланысты биылғы жылдың наурыз айында әкімдік екі жылдық бағдарлама қабылдауға ниетті, оны іске асыру нәтижесінде 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың барлық мектептерінде бейнебақылау камераларын ауыстыру, турникеттер мен дабыл түймелерін орнату мәселелері толық шешілетін болады.

Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, соңғы 2 жыл ішінде мұндағы жұмыс негізінен COVID-19 вирусымен күресуге бағытталған. «Омикрон» штаммының таралуына және карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты биыл алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса назар аударылатын болады. Осылайша, медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыру 100%-ға дейін жеткізіледі. Денсаулық сақтау инфрақұрылымына жүктемені азайту үшін Құлжа тас жолының оңтүстігіне қарай медициналық кластерді жобалау жұмыстары басталды.

«Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту алматылықтардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етудің басты мақсаттарының бірі болып табылады және олардың көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етеді. 2021 жылғы біздің бағалауымызға сәйкес, ластанудың негізгі көздері көлік – 56%, ЖЭО және өнеркәсіптік кәсіпорындар – 39%, жылу беру кезеңінде жеке тұрғын үй секторы – 5%», — деп хабарлады Е. Досаев.

Осы бағаларға сүйене отырып, 2022 жылы Алматы әкімдігінің күш-жігері келесіге бағытталатын болады:

  1. Қалада барлық қоғамдық көлік паркінде тек 15 электр автобусы бар. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту жылжымалы құрамның экологиялық түрлерін сатып алуға ғана бағытталатын болады. Осы жылдың 1 тоқсанында 300 бірлік қоғамдық газ көлігі сатып алынады, бұл экологиялық таза көліктің үлесін 37,4-ке дейін арттырады.
  2. 1 млн ағаш отырғызу бойынша «Жасыл Алматы» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасады. Биыл 300 мыңнан астам көшет отырғызылады. Бір тұрғынға шаққандағы жасыл желектер ауданының көрсеткіші 12 шаршы метрге дейін артады.
  3. Сондай-ақ биыл гранттар есебінен ауаның сапалық құрамын өлшейтін 60 аспап орнатылады. Өлшеулер мен оларға талдау жүргізілгеннен кейін АДБ мен AirVision ҚҚ тарта отырып, ауа сапасын жақсарту бойынша шетерлік жоспары әзірленетін болады.

Халықтың өсуі және жоғары маятниктік көші-қон аясында көлік, әлеуметтік, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды дамыту мәселесі ерекше өткір тұр. Сондай-ақ, «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары аясында кемінде 100 км жаңа жол салынатын болады.

Сонымен қатар Алматының жаңа әкімі Әл-Фараби даңғылын ШААЖ-дан Сайын көшесіне дейін орташа жөндеуге жоспарланған 2 млрд теңгені бүгінде жол төсемі мүлде жоқ немесе сапасыз салынған, қаланың аса мұқтаж аудандарында жол салуға және жөндеуге қайта бөлу туралы шешім қабылдағанын баяндады. Резервтерді іздеу жұмысы жалғасатын болады. 2022 жылы Әуезов көшесінің 2 жолайрығында жұмыстар аяқталады. Осы жылдың мамыр айында жоспарланған 2 метро станциясын іске қосу күнделікті жолаушылар ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Осы жылдың 15 наурызына дейін біздің тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың өтініштері бойынша жиналып қалған проблемаларды тездетіп шешу мақсатында «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарының жекелеген бағыттары қайта қаралатын болады. Жаңа аудандарды дамыту үшін 2022 жылы шамамен 62 мың тұрғынды қамти отырып, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің 18 объектісінің құрылысы аяқталады», — деді Е. Досаев. 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарғалы өзенінде су тарту құрылысы аяқталады, бұл Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, биыл ұзындығы 147,2 км электр желілерін қайта жаңарту және 2 қосалқы станцияның құрылысы аяқталады, бұл қаланың 400 мың тұрғынын сенімді және үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, 313 аулаға жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұл қала аулаларын 100% абаттандыруды қамтамасыз етеді.

Ерекше мәселе – Алматы агломерациясын дамыту. Алматының қазіргі проблемалары қала шекарасының кеңеюі есебінен қалыптасқан, бұл қаланың барлық инфрақұрылымына едәуір ауыртпалық салды.

Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері ауыспалы көші-қон, көлеңкелі экономикамен күрес, экология, көлік және өзге де инфрақұрылымды бірлесіп дамыту сияқты проблемаларға ерекше назар аудара отырып, Алматы агломерациясын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты бастауға ниетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді