Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Б. Сағынтаев: Алматыда кем дегенде 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша қала активінде сөйлеген сөзінде хабарлады.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, өткен жылы Алматыдағы жұмыссыздық 5,1%-ға дейін төмендеген. Бұл жұмыс жалғастырылатын болады.

Биыл Ұлттық жобалар аясында 13,2 мың жұмыс орны құрылады, бизнесті қолдаудың өңірлік шаралары 3,6 мың бизнес құруға мүмкіндік береді, 31 мыңнан астам орын құруды жоспарлап отыр.

Қалалық бағдарламалар шеңберінде ӘКК құралдары арқылы 2%-бен жеңілдікпен кредит беру мүмкіндігімен сегізге қосымша 5 шағын өнеркәсіптік парк іске қосылады.

«Жастарды кәсіптік техникалық даярлауды және жұмыссыздарды қайта оқытуды күшейтіп, кейіннен жұмысқа орналастырамыз. Жеке сектордан жүйелік операторларды тарту арқылы білікті жұмыс орындары құрылады», - деп атап өтті Алматы әкімі.

2 жыл ішінде «Кәсіп алаңы», «Алматы Бизнес» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 200 мыңға жуық адамды қамтитын Qolday кәсіпкерлік орталығының курстары жүргізілді. Бұл жұмыс істеп тұрған ШОБ санының 4%-ға немесе 2021 жылдың қорытындысы бойынша 7,6 мың бірлікке ұлғаюына әсер етті.

Б. Сағынтаев болашақта экономиканың түрлі салаларындағы қажеттіліктерді болжау үшін жаңа мамандықтардың өңірлік атласы әзірленетінін атап өтті.

«Өткен жылдан бастап біз аудандардың мықты жақтарын бағдарлай отырып, кластерлік тәсілді қолдана бастадық және жетекші университеттерді - Сүлейман Демирель университетін, Алма университетін, ҚБТУ, ХАТУ - ды аудандардың стратегиялық дамуына жұмылдырдық», - деді Алматы әкімі.

Осының барлығы инновациялық жобаларды дамыту үшін жаңа жағдайлар жасауға және жаңа кәсіби құзыреттер мен жаңа жұмыс орындарына қажеттілікті қалыптастыра отырып, әрбір ауданды күшейтуге мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдан бастап жастар практикасы бойынша жалақы 25-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Біз өз тарапымыздан жергілікті бюджеттен қосымша 10 АЕК-ке төлемді ұлғайтамыз, осылайша жалақы 122,5 мың теңгені құрайды», деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Жұмыс істейтін мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау мөлшері 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.

Жалпы, барлық шаралардың арқасында кемінде 50 мың жұмыс орны құрылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын