Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР БҒМ келісімдерінің арқасында Мажарстан қазақстандықтарға 250 білім грантын ұсынады

Мажарстан қазақстандықтарға 250 білім грантын ұсынады. Отандастарымыз «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасының адами ресурстар министрлігі арасындағы келісімдердің арқасында Мажарстанның жоғары оқу орындарында тегін оқи алады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Қазір осындай Үкіметаралық келісімдер аясында үміткерлерді іріктеу ережелерін жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, мысалы, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім және ерекше оқу қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ ауылдық жерлерден келген үміткерлер үшін артықшылықтар қарастырылған», – деді Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады:

  • бакалавриат бойынша 110 орын;
  • магистратура бойынша 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бойынша 30 орын;
  • докторантура бойынша 20 орын.

Гранттар мажар тілін академиялық мақсатта үйрену курстарын, жатақхана ақысын, медициналық сақтандыруға жұмсалатын шығындарды өтейді. Сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді.

Оқыту ағылшын және мажар тілдерінде өтеді. Үміткерлер бір жылдық мажар тілі курсынан өткен соң сол тілде оқитын болса, таңдалған бағдарлама бойынша оқиды.

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат қосымша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында немесе ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқа елдермен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

2021 жылы Қазақстан «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша жаңа елдермен және жоғары оқу орындарымен байланыс орнатты. 2021-2023 жылдары білім алатын жоғары оқу орындарының саны 138-ден 207-ге өсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда