Арыстанбек Мұхамедиұлы актрисаны әлеуметік желіде құттықтады.
Азиялық киноакадемия Самал Еслямованы Азияның ең үздік актрисасы деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz Азиялық киноакдемияның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы актрисаны өзінің әлеуметік желідегі парақшасында құттықтады.
- Достар, қазір ғана режиссер Сергей Дворцевойдан өте тамаша жаңалық естідім!Самал Еслямова қазір ғана Гонконгте Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасындағы рөлі үшін Азия киноакадемиясының/Asian Film Awards Academy "Азияның үздік актрисасы" парапатын иеленді.
Достар, Asian Film Awards Academy "азиалық Оскар" деп атайды! Азиялық киноакадемия номинанттарды 11 қаңтар күні анықтаған болатын. Бұл өте үлкен жетістік және табыс!
Мен шын шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын! - деп жазған мәдениет және спорт министрі.
Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі Мәскеуде заңсыз жұмыс жасап жүрген Қырғызстаннан келген жас эмигрант қыздың тарихын көрсетеді. Картина оның ішкі жан дүниесінің дамуын, айрылып, одан қайта жеткен аналық сезімі жайлы көрсетіледі.
Фильм продюсері Гүлнар Сәрсенова туындының өте мықты және ауыр екенін атады. Мигранттардың басқа елдердегі маңызды проблемаларын қозғаған.