Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) биылғы қорытынды отырысы бейнебайланыс режимінде өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жиын барысында Жоғары кеңестің Құрметті төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және ЖЕЭК-ке бақылаушы мемлекеттердің басшылары ретінде Куба Президенті Диас-Канель Бермудес пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович  сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты ашып, оған модератор болды. Мемлекет басшысы сыртқы факторлар мен карантиндік шектеулерге қарамастан, Одақ аясындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің өсім қарқынына көңілі толатынын атап өтті.

– Биылғы 9 айдың ішіндегі өзара сауда-саттық көлемі 32,5 пайызға артып, 52 миллиард долларға жетті. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 16,5 пайызға жоғары. Одаққа мүше елдер арасындағы экспорт көлемі ұлғайды. Мысалы, Қазақстан экспортының өсім көлемі 39 пайыз болды. Салыстырмалы түрде алғанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа да елдердегі экспорт көлемі артқан, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Одақтың төрағалығына кіріскен кездегі бірлескен жұмыстардың бес бағытына, атап айтқанда, өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, өзара саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелеріне тоқталды.

– Мұның бәрі бір күндік жұмыс емес екенін түсінеміз. Дегенмен, қазірдің өзінде олардың кейбірі табысты жүзеге асырылып жатыр, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалығы барысында атқарылған бірлескен жұмыстардың нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.   

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлер жағдайында назар аударуды қажет ететін бірқатар ұсыныс айтты.

Атап айтқанда, Президент цифрлық өнім мен электронды қызмет көрсетуге деген сұраныстың зор екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазірдің өзінде әлемдік машина жасау нарығында микрочиптер мен компьютерлік құралдардың тапшылығына қатысты жүйенің жиі істен шығу деректері байқалады.   

– Осыған байланысты үкіметтерімізге ғылыми-зерттеу институттарын қатыстыра отырып, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік құралдар шығару жөніндегі бірлескен кооперациялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін пысықтауды тапсыру ұсынылады. Кәсіпорындарымыздың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік база құру қажет, ал содан кейін экспортты жолға қоюға болады, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев құрғақтағы тасымал мәселесін дамытуды, «жүрдек» трансқұрлықтық дәліздерді ретке келтіруді және олардың өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді өзекті санайды. Осы ретте Президент Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өткізу желісін құруға қатысты елдеріміздің бастамаларына назар аударды.

– Қазақстан кейінгі екі жыл бойы Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін құру жұмыстарын жүргізіп келеді. Біз Одаққа мүше елдердің тауар өткізу жүйесін қалыптастыруға және интеграциялауға белсенді атсалысуға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кедергілерді, шектеулер мен алып қоюларды дәйекті түрде қысқартудың маңызды екенін айтты. Биылғы ақпан айында өткен Алқа отырысында Кедергілерді бөлудің әдістемесі бекітілді. Енді кедергілерді қарастырып, жүйелеу үдерісі, яғни олардың түрі мен қолданылу мерзімі бизнеске тиімді болу үшін регламенттелді. Президент шағын және орта кәсіпорындарды еуразиялық интеграция және кедергісіз сауда үдерісіне тарту ісін жалғастыруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының тиімділігіне және оның Одаққа мүше мемлекеттермен өзара ықпалдастығына арнайы тоқталды. Президент бес елдің мүддесін ескере отырып, бірыңғай әрі тұтас экономикалық саясатты қалыптастырудың көп еңбекті талап ететін күрделі жұмыс екенін атап өтті.

– Біз биылдан бастап Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға кірістік. Стратегияның ережелерін қатаң сақтап, Одақтың қазіргі құқығы аясынан шықпау керек деп есептеймін. Біздің жұмысымыз бен Одақтың қызметі жалпы сыртқы серіктес елдердің зор қызығушылығын туғызып отырғанын ескеру маңызды. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сөзін қорытындылай келе, өзара құрмет пен конструктивті диалогты сақтауға бейілді болу Одақ аясындағы ұзақ мерзімді әрі берік ынтымақтастықтың негізі екенін атап өтті.  

2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қырғыз Республикасы төрағалық етеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты құттықтап, алға қойған мақсатқа сәтті қол жеткізуіне тілектестік білдірді.

Кеңейтілген форматта өткен шара соңында Еуразиялық одаққа мүше елдердің басшылары талқылауды шағын құрамда жалғастырды.

Жиын қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға бағытталған 20 құжат қабылдады.

 

Шешімдер:

  1. Навигациялық пломбадағы бар ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы.
  2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №16 шешімінің орындалу барысы туралы.
  3. Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы.
  4. Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы.
  5. Құрылыс саласында қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысын қамтамасыз ету туралы.
  6. Қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысы аясында бағалау қызметін іске асыру шарттарына арналған ортақ тәсілдер туралы. 
  7. Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылғы бюджетінің жұмсалуы жөніндегі есеп туралы.
  8. Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған бюджеті туралы.
  9. Еуразиялық экономикалық одақтың сотына жүгіну кезінде кәсіпорындар төлейтін салық мөлшерін бекіту туралы.
  10. Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету туралы.
  11. Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік басқару секторының қарыз мөлшерін азайтуға бағытталған бірлескен шаралар туралы.

 

Өкімдер:

  1. Еуразиялық экономикалық одақ аясында жеке секторлар жөніндегі либерализациялау жоспарын іске асыру туралы.
  2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткізу уақыты мен орны туралы.

 

Тапсырмалар:

1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №12 шешімінің іске асырылу барысы туралы.

2. Ресей Федерациясының ағаш материалдарын сыртқа шығаруға қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін шектеулері туралы.

 

Қол қойылған халықаралық шарттар:

  1. Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі келісім.
  2. Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама («II Үлкен Хаттама»).
  3. Еуразиялық экономикалық одақ аясында аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісім.
  4. Кедендік транзиттің кеден рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кеден салығын, салықтарды, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісім.
  5. 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына енетін жеке халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдану жөніндегі шарттар мен ауыспалы ережелер туралы Хаттамаға өзгертулер енгізу туралы Хаттама.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді