Бұл туралы денсаулық сақтау магистрі, «Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Райхан Мамырова Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
Райхан Мамырова жедел тесттердің арқасында ауру жұқтырғандарды, оның ішінде жеңіл және симптомсыз науқастарды анықтауға болатынын хабарлады. Нәтижесінде көптеген адамдарды тестілеу және коронавирусты дер кезінде анықтау індеттің таралуын тоқтата алады.
Еске салсақ, экспресс-тесттен өткізуді кеңейту бастамасы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге тиесілі.
Жедел тесттерді зерттеу 10 зертхана негізінде жүргізілді: El Lab PCR, КДЛ Олимп, Медицина 100+ (ILAB 100+), SMLAB (Sapa), GammaLab, И.С Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухана, қалалық балалардың клиникалық инфекциялық аурухана, Innosol, Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (ОТАР).
Жедел тесттер эпидемиологияның маңызды құралы болып табылады, - дейді сарапшы. Алынған нәтижелердің арқасында науқастарды тез емдеуге және оқшаулауға болады.