Алматыда "Жас Қанат" шағынауданындағы үйлердің бірінде ерсі әрекет жасаған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрларынан баспалдақпен көтерілген ер адамның балалар арбасының қасына келіп дәрет сындырғанын көруге болады.
Видеоны Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-да жариялады.
"Бүгін, 03.12.2021 жылы Алматы қаласы "Жас Қанат" шағынауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісіне жариялады. Факт бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады", - деп жазды Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.