Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады

Қазақстандық астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Аталған кезеңде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспорт көлемінің өсуіне негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы ықпал етті. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 38%-ға өсіп, 3,9 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,4 есеге артып, 357 мың тоннадан 504 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 59%-ға өсіп, 1,4 млн тоннадан 2,2 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға жеткізілім көлемі 37%-ға артып, 150 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін өсті.

Жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң серпіні қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айғақтайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Leland
  • 09-07-2026, 20:38
  • : 20:38
References: Legiano Casino Codes http://cse.google.com.nf
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді