Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Шымкент қаласында өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR 2026) қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

KGIR 2026 аясында ҚР Премьер-министрінің қатысуымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Aktobe Steklo» ЖШС арасында Ақтөбе қаласында шыны ыдыс өндіретін зауыт салу және іске қосу жөніндегі Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

Жобаның инвестициялық көлемі $150 млн-нан асады, ал оның өндірістік қуаты жылына шамамен 256 млн дана шыны ыдыс шығаруға жетеді. Кәсіпорын заманауи сұрыптау жүйелерімен және екінші рет өңделген шикізатты қайта өңдеу технологияларымен жабдықталады. Өнім ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп, көршілес елдерге де экспортталады.

Келісімде зауыт құрылысын жүргізу кезеңінде кемінде 500 жұмыс орнын, ал кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 300 жұмыс орнын құру көзделген. Бұдан бөлек, кәсіпорында шыны өнеркәсібінің халықаралық стандарттарына сәйкес қазақстандық кадрларды үздіксіз даярлау жүйесі қалыптастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды