Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында құны 111,1 млн доллар болатын ет кластері құрылады

Түркістан облысында құны 111,1 млн доллар болатын ет кластері құрылады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімдігі мен «Nurym Group» компаниялар тобы арасында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында қол қойылды.

Ауқымды агроөнеркәсіптік жоба өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға және жергілікті экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 111,1 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Жаңа кешеннің құрылысы өңірдің аграрлық саласын дамытуға тың серпін бермек. Толыққанды ет кластерін қалыптастыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны қаржыландыру мен іске асырудың нақты шарттары жеке келісімдер арқылы айқындалады.

Биыл IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі) Шымкент қаласында өтуде. Іс-шара аясында Премьер-министрге агроөнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, түрлі салалардағы ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты мен Alsera компаниясының жылыжай кешенін салу жобасы бар.

KGIR-2026 жиынына әлемнің 40-тан астам елінен 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды