Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Елім деп соққан жүрегім»: Астанада Республика күніне орай патриоттық кеш өтті

«Елім деп соққан жүрегім»: Астанада Республика күніне орай патриоттық кеш өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Республика күніне орай «Елім деп соққан жүрегім» атты рухани-патриоттық кеш өтті. Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» мекемесі ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кешті «Руханият» мекемесіндегі қазақ тілі курстарының тыңдаушылары, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

«Біздің мекемеде жыл сайын 3 мыңға жуық адам қазақ тілін үйренеді. Қазір екінші оқу маусымында 1 800 тыңдаушы білім алып жатыр. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері мен шетелден келген азаматтар да бар. Қазақстанда өмір сүріп жатқандықтан, қазақ тілін меңгеруге деген ынталары жоғары. Сондықтан біз тіл үйретумен қатар, ұлттық құндылығымыз бен мәдениетімізді таныстыруға да мән береміз», – деді «Руханият» мекемесінің басшысы Руслан Әлімбеков.

Оның сөзінше, тіл үйренушілердің қатарында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, студенттер, түрлі сала мамандары мен зейнеткерлер бар. Қазақ тілін жетілдіру үшін курсқа қатысып жүрген қазақ азаматтары да кездеседі.

«Қазақ тілін үйренуге қала тұрғындарымен қатар, түрлі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері де қызығушылық танытады. Оқыту тіл меңгеру деңгейіне қарай жүргізіледі. Тыңдаушылар белгілі бір деңгейді аяқтап, сертификат алғаннан кейін олардың орнына жаңа қатысушылар қабылданады. Осылайша, жыл бойы курстарға жаңа тыңдаушылар қосылып отырады», – деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тіл саясатын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Гауһар Елембаева.

Мерекелік концертте Қазақстанның халық әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Салықов пен Клара Төленбаева, әнші Ибраһим Ескендір, дәстүрлі әнші Өзгеріс Шерікбай, «Алтын домбыра» өнер мектебінің өкілдері, «Асу» тобы және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды