Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят және Рамез Әл-Хаятпен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында газ өңдеу және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, PIH холдингі энергетика саласындағы бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Газ өңдеу саласында Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд және 2,5 млрд текше метр болатын екі газ өңдеу зауытын салу көзделген. Бүгінде қуаты 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ-де құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, негізгі жабдықты жеткізу іс жүзінде аяқталды. Зауытты пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған. Қуаттылығы 2,5 млрд текше метр болатын екінші ГӨЗ-ді салу жобасы бойынша жүзеге асырудың негізгі кезеңіне дайындық жүргізілуде, EPC-мердігер анықталды. Жобаны аяқтау 2030 жылға жоспарланған.

Газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту шеңберінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасы жүзеге асырылуда. Жобалау және жабдықтар мен материалдарды жеткізу жұмыстары жалғасуда. Бірінші кезең 2027 жылға, екінші кезең 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ телекоммуникация саласындағы өзара іс-қимыл және осы бағыттағы одан арғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Премьер-министр нысандарды уақтылы пайдалануға беру үшін жоғарыда аталған барлық жобалар бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Қазақстан Үкіметі туындайтын мәселелерді жедел шешуге қажетті жәрдем көрсетеді.

Өз кезегінде, холдингі басшылары өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілігін растап, барлық уағдаластықтарды орындау үшін қажетті күш-жігер жұмсауға ниетті екендерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды