Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында полицейлер шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тарту дерегін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Заң бұзушылық “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында белгілі болды. Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тексеру жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады. Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.