Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазығұртта қарт әйелдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды

Қазығұртта қарт әйелдің жылдар бойы жинаған ақшасы шатырдан табылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті тапты.

Анықталғандай, жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған. Содан жанашыр тұрғындар бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.

Қажетті іс-шаралар өткізіліп, барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.

Полиция ескертеді: егер бөтен біреудің мүлкі немесе ақшалай қаражаты табылса, бұл туралы құқық қорғау органдарына тез арада хабарлау қажет. Уақытылы хабарлау мән-жайларды дереу анықтауға және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды