Абай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында ЛАДА 21154 автокөлік жүргізушісінің түнгі уақытта аспалы көпір үстінде қауіпті маневр жасағаны бейнеленген бейнежазба анықталды. Полицейлер жедел әрекет етті. Құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол – Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны.
Жасалған құқық бұзушылық үшін ол жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтың салдары жойылды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. "Заң және тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.