Қостанай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 шілде күні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысу қаупін тудырған бейнежазбаны анықтады. Полиция қызметкерлері жүргізушіні жедел анықтап, оны қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлер жасамауға және қалааралық жолдарда барынша мұқият болуға шақырады.Бүгін, 10:56
Қостанай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз