Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысы еліміз үшін шахматтың орны ерекше екеніне тоқталды. Шахмат спорттың бір түрі болуымен қатар өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі саналады.

Соңғы жылдары қазақстандық шахмат мектебі қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде спорттың осы түрімен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады. Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жарқын жетістігін айрықша атап өтті.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстан шахмат федерациясының алдында тұрған басым міндеттерді атады. Мемлекет басшысы құрама команданың әзірлігін күшейту, жас таланттарды анықтау мен даярлаудың тиімді жүйесін құру, білім беру саласында шахматты ілгерілету және өңірлерде шахмат инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін ұлттық федерация мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызына баса мән берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловтың жауапты қызметіне табыс тіледі.

FIDE басшысы шахматты дамытуға ден қойып, оған қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар шахматты әлемде кеңінен насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ұлттық шахмат федерацияларының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді