Өскеменде "Таза Қазақстан" аясында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Виноградов көшесіндегі үйдің ауласында кешкі уақытта үш қыз алкогольдік ішімдіктер ішкен. Құқық бұзушылық бейнебақылау камерасына түсіп, кейін полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтады. Олар 20, 20 және 21 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Тағы бір жағдай 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйдің ауласында тіркелді. 19 жастағы екі жас жігіт темекі шеккеннен кейін темекі тұқылдарын жерге тастап, ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған. Екі жағдайда да құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.