Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) тарапынан ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалау (IASA) жүргізілді. Америкалық сарапшылардың сапары ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевпен өткен кеңестен басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне қатысты жүргізіліп, Қазақстанның авиациялық билігінің ИКАО-ның қолданыстағы стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкестігін анықтауға бағытталды.

IASA шеңберінде FAA сарапшылары авиациялық заңнаманы, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ мемлекеттің ИКАО талаптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.

24 қыркүйекте FAA тобы Астана қаласында Air Astana әуе компаниясына да жұмыс сапарымен барып, бағалау жүргізді. Air Astana қазіргі уақытта АҚШ Көлік министрлігінің (U.S. Department of Transportation, DOT) АҚШ-қа рейстер орындауға арналған экономикалық рұқсатын алуға өтініш беруші болып табылады. Бұл сапар барлық қатысушы ұйымдар үшін өзара пайдалы және оң тәжірибе болды.

25 қыркүйекте қорытынды ауызша брифинг өтіп, онда FAA сарапшылары Қазақстандағы бағалаудың алдын ала нәтижелерін таныстырды.

Бағалау қорытындысы бойынша америкалық сарапшылар Қазақстанның авиациялық билігі тарапынан ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Алдын ала нәтижелерге тоқталған сарапшылар бірқатар бағыттар бойынша жақсы көрсеткіштерді ерекше атап, бұл Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі нәтижелерін және жоғары саяси ерік-жігерін көрсететінін айтты.

IASA рәсіміне сәйкес, келесі кезеңде FAA елдің авиациялық билігіне ресми хабарлама жібереді. Одан кейін түзету шараларын талқылау мақсатында қорытынды консультациялар өткізу көзделеді. Осы кезең аяқталғаннан кейін FAA Қазақстанға Category 1 мәртебесін беру мәселесі бойынша шешім қабылдайды.

Category 1 мәртебесін алу қазақстандық әуе тасымалдаушылардың АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашу үшін қажетті рәсімдерден өтуіне реттеушілік негіз қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді