Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясының басшысы Инь Цайванмен, VNET Group басшысы Чэнь Шэнмен, Shanghai Junhe Atomic Technology басшысы Тянь Цзяшумен және Silk Road Finance Corporation басшысы Ли Шаньмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу аясында энергетика, цифрландыру және қаржы салаларындағы жобаларды бірлесе жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігінің мазмұнын технологиялық және өнеркәсіптік тұрғыдан байыта түсу маңызды екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, Қытайдың жетекші компанияларының елімізге келуі Қазақстанға деген сенімнің жоғары екенін айғақтайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Инь Цайван мен ол басқарып отырған компанияға «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясы Қазақстанға 3 миллиард доллардан аса инвестиция құйып, мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындардың біріне айналғанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында VNET Group директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы Чэнь Шэн Деректерді өңдеу орталықтары алқабын және жасанды интеллект инфрақұрылымын жасақтау ісіне қатысу ниетін жеткізді.

Президент Қазақстанның қытайлық компаниялармен инвестиция тарту, технологияларды локализациялау, бірлескен зерттеулер жүргізу, таланттарды қолдау және құзыреттер орталығын құру секілді басты бағыттар бойынша тығыз ықпалдастық орнатуға әзір екенін растады.

Shanghai Junhe Atomic Technology компаниясымен технологиялық ынтымақтастық аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану перспективті бағыт ретінде аталды. Бұл ретте табиғи уран өңдеу мен ядролық отын өндіруден бастап шағын модульді реакторлар орнатуға дейінгі толық өндірістік тізбек құру аса маңызды.

Қытай компанияларының басшылары Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту қадамдарына, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан іргелі реформаларға жоғары баға берді. Олар мемлекеттік институттарды жетілдіру шараларын елдегі ұзақмерзімді тұрақтылықтың нышаны ретінде қабылдайды.

Қытай компанияларының өкілдері дәстүрлі энергетика секторымен қатар, ел дамуына бағытталған басқа да салалар мен жобаларға инвестиция көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды