Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 38,7 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Қазақстанда 38,7 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. Облыстар әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрі бойынша 38,7 млн тонна азық дайындады. Бұл 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңіне жоспарланған көлемнің 93,7%-ын құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 26,4 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,3 млн тонна сүрлем, 4,3 млн тонна сабан және 3,4 млн тонна құрама жем дайындалды.

Шөп дайындау жоспарының артығымен орындалуы қосымша сақтандыру қорларын қалыптастыруға және қолайсыз ауа райы жағдайлары туындаған кезде мал шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңі басталғанға дейін 25,7 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарлануда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг және резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы нысандарын қажетті азық қорымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы қорада ұстау кезеңін тұрақты өткізуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты