Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде 9,1 млн тонна мал азығы дайындалды

Елімізде 9,1 млн тонна мал азығы дайындалды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанда мал азығын дайындау науқаны қарқынды жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің қазіргі деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 9,1 млн тоннадан астам мал азығы әзірленген. Оның ішінде 8,3 млн тонна пішен, 850 мың тонна пішендеме және 35 мың тоннадан астам сүрлем бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026–2027 жылдардағы малды қыстату кезеңіне дайындық аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп мал азығын дайындау жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес 25,7 млн тонна пішен, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құнарландырылған жем дайындалмақ.

Биыл мал азықтық дақылдардың егіс алқабы 3,32 млн гектардан асып, өткен жылмен салыстырғанда 243 мың гектарға ұлғайды. Сонымен қатар егістік алқаптарындағы мал азықтық дақылдардың үлесі 14 пайызға дейін жеткізілді. Бұл мал шаруашылығының жемшөп қорын нығайтуға мүмкіндік береді.

Министрлік тұрақты түрде жедел штаб отырыстарын өткізіп, онда мал азығын уақтылы дайындау, өңірлердің жұмысын үйлестіру және алдағы қысқы кезеңде мал шаруашылығы саласының жемшөпке деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету мәселелерін қарайды.

Саланы мал азығымен қамтамасыз етудің қосымша тетіктерінің бірі – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының үлесі. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін компания маусымаралық кезеңде құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарына жемдік астықты белгіленген бағамен өткізеді. Осы мақсатта 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қоры қалыптастырылып, оның 21,7 мың тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылды.

Саланы мал азығымен тұрақты қамтамасыз етуге құрама жем өндірісі инфрақұрылымының дамуы да оң ықпал етуде. Бүгінде елімізде ірі кәсіпорындарды, сондай-ақ құс фабрикалары мен мал шаруашылығы кешендерінің жанындағы шаруашылықішілік құрама жем цехтарын қоса алғанда, 76 құрама жем зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық жиынтық өндірістік қуаты шамамен 4 млн тоннаны құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді