Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

«Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин фронт-офистің ашылуына қатысып, бизнесті қолдаудың жаңа форматымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірыңғай фронт-офис «Бәйтерек» тобы ұйымдарының қолдау құралдарын «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Мұнда кәсіпкерлер кеңес алып, қолайлы қолдау құралын таңдай алады. Өтінім беріліп, қаржыландыру қарастырылуға дейін жоба сүйемелденеді.

Фронт-офистер Қазақстанның барлық өңірінде «Даму» қорының филиалдары базасында жұмыс істейді. Шалғай жатқан аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлер үшін мамандардың аудандарға баруына арналған мобильді кеңселер – автобустар қарастырылған. Осылайша, өз өкілдіктері жоқ кейбір даму институттарының қажетті кеңесі мен қолдауын облыс орталығына бармай-ақ алуға болады.

Фронт-офис консультанттары «Бәйтерек» тобының ұйымдарға көрсететін қолдау құралдары бойынша ақпарат береді:

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және қолдаудың қаржылық емес шаралары;
  • Қазақстанның Даму банкі – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру;

  • Qazaqstan Investment Corporation – тікелей инвестициялар және венчурлық қаржыландыру құралдары;

  • Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі – экспорттық несиелерді сақтандыру;

  • Өнеркәсіпті дамыту қоры – кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған жеңілдікті және лизингтік қаржыландыру.

«Бүгінгі таңда біздің мамандарымыз тек Қордың құралдарымен жұмыс істеп қоймай, “Бәйтерек” холдингінің басқа да ұйымдары ұсынатын шешімдерді таңдауға көмектеседі. Шын мәнінде, “Даму” қорының өңірлік желісі жеңілдікпен несиелендіру мен кепілдіктерден бастап, инвестициялық қаржыландыруға, экспортты сақтандыру мен лизингке дейінгі қаржылық және қаржылық емес құралдардың кең ауқымына қол жеткізудің бірыңғай терезесіне айналып келеді», — деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.

Бірыңғай фронт-офистің техникалық іске қосылуы осы жылғы ақпанда өтті. Осы уақыт ішінде консультанттар кәсіпкерлердің 30 мыңға жуық өтінішін қабылдаған. Фронт-офис арқылы 1 250 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды.

Бірыңғай фронт-офис базасында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары да пилоттық режимде жұмыс істеуде. Олардың міндеті – кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды талап ететін нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Орталық мамандары мәселені бастапқы талдаудан өткізіп, оны шешудің ықтимал жолын анықтайды. Қажет болған жағдайда жұмысқа салалық мемлекеттік органдар, қаржы институттары, әкімдіктер мен «Бәйтерек» тобының ұйымдары тартылады. Пилоттық жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарын қамтуда.

«Мұндай қолдаудың барлық өңірде болуы маңызды. Біз кәсіпкерлерді қолдау тәсілін неғұрлым тиімді ете отырып, “Іскер аймақ” бағдарламасын ауылдарға таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте “Даму” қорының өңірлік филиалдары мен мобильді фронт-офистері үлкен рөл атқаруы тиіс. Консультанттардың міндеті – бизнестің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңін сүйемелдеу. Тағы бір маңызды бағыт – бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары. Кәсіпкерлер проблемалармен жиі бетпе-бет келеді. Бірақ қайда жүгінуді, қалай шешуді білмей жатады. Орталықтар осыны жолға қою үшін құрылуда. Әзірге олар еліміздің бес өңірінде пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды