Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды

Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада бейнемониторинг жүйесі арқылы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада цифрлық технологиялар полиция қызметінде белсенді қолданылып, құқық қорғау органдары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Осындай заманауи құралдардың бірі – тұлғаны тану функциясы бар бейнемониторинг жүйесі. Аталған жүйе іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың орналасқан жерін жедел анықтауға, көші-қон заңнамасын бұзған тұлғаларды, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған басқа да адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе бейнедегі адамның кескінін ақпараттық базалардағы деректермен автоматты түрде салыстырады.

Іздеу тек фотосурет арқылы ғана емес, сонымен қатар адамның сыртқы белгілері – жынысы, жасы, сақалының болуы, көзілдірік, бетперде немесе бас киім тағуы сияқты сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, технология танылған адамның бейнебақылау камералары арқылы жүріп өткен бағытын бақылауға мүмкіндік береді. Цифрлық шешімнің тиімділігі нақты нәтижелермен де расталып отыр. Мәселен, бейнемониторинг барысында жүйе ұрлық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы ер адамды анықтаған. Ақпарат полиция қызметкерлері тарапынан тексеріліп, нәтижесінде ер адам ұсталды. Астана қаласының полиция департаменті заманауи бейнемониторинг жүйелерін енгізу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, іздеуде жүрген адамдарды уақтылы анықтауға және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты