Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады

FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиациялық хабтарды дамыту және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 2 қазаннан бастап FlyDubai әуе компаниясы Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша жүк рейстерін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады. Олар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында импорттық және экспорттық жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Жүк рейстерінің іске қосылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақстандық бизнес үшін қосымша логистикалық мүмкіндіктер қалыптастырады.

Жүк авиациясын дамыту – Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың, транзиттік тартымдылығын арттырудың және елдегі авиациялық хабтарды одан әрі қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді