Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

4 мыңнан астам адам медициналық-әлеуметтік сараптамадан электронды кезекпен өтті

4 мыңнан астам адам медициналық-әлеуметтік сараптамадан электронды кезекпен өтті
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ақмола облысы мен Алматы қаласында медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібін жеңілдетуге бағытталған электронды кезек пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде МӘС-ке электронды кезек арқылы 4 323 адам жазылған. Оның 4 050-і сараптамадан өтіп үлгерді. Бұл электронды кезекке жазылғандардың жалпы санының 94 пайызын құрайды.

Электронды кезек арқылы азаматтар МӘС бөліміне баратын күн мен уақытты алдын ала таңдай алады. Яғни адам қабылдауға ерте келіп, ұзақ уақыт кезек күтіп отырмайды.

Электронды кезекке жазылу Әлеуметтік қызметтер порталында жүргізіледі. Медициналық ұйым қажетті мәліметтерді МӘС-ке жібергеннен кейін азаматтың телефонына сараптамаға жазылуға болатыны туралы SMS хабарлама түседі.

Одан кейін Әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке кабинетке кіріп, МӘС-ке жазылу қызметін таңдау қажет. Жүйе азаматтың тұрғылықты жеріне қарай қажетті бөлімді автоматты түрде анықтайды. Содан кейін бос күндер мен қабылдау уақыттарын көрсетеді. Азамат өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдап, кезекті брондайды.

Жазылу аяқталған соң азаматқа SMS арқылы МӘС бөлімінің қабылдау күні, уақыты, мекенжайы және электронды кезек нөмірі жіберіледі.

Қабылдауға үш күн қалғанда жүйе азаматқа қосымша ескерту хабарламасын жолдайды. Егер адамның жоспары өзгеріп, белгіленген уақытта бара алмайтын болса, жазылуын жеке кабинеті арқылы өз бетінше тоқтата алады. Ал азамат белгіленген уақытта келмеген жағдайда, оның жазбасы автоматты түрде жойылады.

Ақмола облысында жыл басынан бері электронды кезек арқылы 2 288 адам МӘС-ке жазылған. Оның 2 118-і, яғни 92,5 пайызы сараптамадан өтті.

Ал Алматы қаласында бұл қызмет 12 маусымнан бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде 2 035 адам электронды кезекке жазылып, оның 1 932-сі МӘС-тен өтті.

Жаңа тәсіл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға ыңғайлы. Алдын ала жазылу сапарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Азамат МӘС бөліміне белгіленген уақытқа қарай келеді. Жоба іске қосылған кезде Еңбек министрлігі кейбір елді мекен тұрғындары облыс орталығына жету үшін 400 шақырымнан астам жол жүретінін атап өткен болатын.

Электронды кезек медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәртібін өзгертпейді. Оның көмегімен азамат МӘС бөліміне баратын уақытын алдын ала белгілейді. Осылайша бөлімде кезек күту уақыты қысқарады.

Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижесі бағаланады. Электронды кезекті еліміздің басқа өңірлерінде де енгізу мүмкіндігі қаралады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді