Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алып жүрген мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа жобасын іске қосады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді балаларға үйде көрсетілетін үйреншікті әлеуметтік қызметтермен қатар, бейінді мамандардың қашықтан көмегі де ұсынылады. Бұл тәсіл балалар мен олардың отбасыларына қажетті көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан орталығынан немесе облыс орталығынан шалғай елді мекендерде тұратын отбасылар үшін мұндай қолдау маңызды болмақ.

Жобаның алғашқы кезеңінде мүгедектігі бар 180 балаға дейін қамту жоспарланып отыр. Қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Ол үшін баланың заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Барлық балаға бірдей тәсіл қолданылмайды. Әр баланың жағдайы жеке бағаланып, қажетті көмектің түрі мен көлемі соған қарай белгіленеді.

Әлеуметтік қызметкер алдымен балаға қандай көмек қажет екенін анықтайды. Одан кейін бейінді мамандармен бірге отбасыға көрсетілетін көмектің түрі мен тәртібін белгілейді. Қай маманның қашан кеңес беретіні, балаға қандай тапсырмалар берілетіні және қандай ұсыныстар жасалатыны да осы жоспарға енгізіледі. Баланың жағдайына қарай сүйемелдеуге логопед, психолог, дене медицинасы және оңалту дәрігері, оңалту маманы, әлеуметтік оңалту маманы және басқа да қажетті бейінді мамандар тартылады. Осылайша әр баланың нақты қажеттілігіне қарай бірнеше маманның көмегін қамтитын кешенді қолдау көрсетіледі.

Мұндай тәсіл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын отбасылар үшін тиімді болуы мүмкін. Қазір тар бейінді маманнан кеңес алу үшін отбасыға аудан немесе облыс орталығына баруға тура келеді. Ал қашықтан кеңес беру арқылы қажетті ұсыныстарды үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік бар.

Жаңа тәсіл осындай сапарлардың қажеттілігін азайтуға бағытталған. «FSM Social» цифрлық платформасы арқылы мамандар отбасыларға қашықтан кеңес бере алады, жеке тапсырмалар мен ұсыныстар жібереді, отбасының кері байланысын алады және баланы сүйемелдеу нәтижелерін бақылап отырады.

Бұл ретте маңызды жайтты атап өткен жөн. Жаңа цифрлық тәсіл үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді алмастырмайды. Яғни балаға көрсетілетін қызметтердің көлемі азаймайды. Керісінше, қашықтан кеңес беру қосымша көмек ретінде енгізіледі. Бұл отбасыларға қажетті мамандардан тұрақты түрде кеңес алып, баланың жағдайына қарай тиісті қолдау алуға мүмкіндік береді.

Қатысушыларды дайындау және әр балаға жеке сүйемелдеу бағытын әзірлеу 2026 жылдың қыркүйегінде басталады. Жобаның негізгі кезеңі 2026 жылдың қазан айынан келер жылдың сәуіріне дейін жалғасады.

Ал оның әдістемелік жұмысына Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жауап береді. Орталық бейінді мамандардың жобаға қатысуын ұйымдастырады, әлеуметтік қызметкерлерді дайындайды, күрделі жағдайлар бойынша мамандардың жұмысын үйлестіреді әрі көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалайды.

«FSM Social» цифрлық платформасының техникалық тұрғыдан дұрыс жұмыс істеуіне Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жауап бермек.

Аталған жоба аяқталған соң Еңбек министрлігі жаңа тәсілдің тиімділігін бағалайды. Атап айтқанда, қашықтан көмек көрсету арқылы отбасылардың қажетті мамандарға қолжетімділігі, балаларға көрсетілген қолдаудың нәтижесі және бұл тәсілдің қызмет алушылар мен олардың заңды өкілдеріне қаншалықты ыңғайлы болғаны сараланады. Алынған тәжірибе Министрлік тарапынан үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамыту және цифрлық шешімдерді жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысында үйде көрсетілетін әлеуметтік қызметтер мен мамандардың қашықтан көмегін ұштастыратын жаңа тәсіл енгізіледі. Негізгі міндет – бала мен оның отбасына тұрғылықты жеріне қарамастан қажетті қолдауды алуға мүмкіндік беру.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді