Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автожол саласы мәселелері жөнінде кеңес өтті. Талқылауға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылығы және мердігер ұйымының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық - Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, «Орталық - Батыс» жобасы бойынша жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, жер учаскелерін қаржыландыру, бөлу мәселелерін қоса алғанда, оны іске асырудың ағымдағы жағдайы қаралды.

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Жұмыс сапасы, белгіленген мерзімдердің сақталуы, ведомствоаралық шешімді талап ететін мәселелер талқыланды.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде жол ұйымдарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға дайындығы пысықталды. Қажетті техникамен, тайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде қауіпсіз, үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге әзірлікке ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға проблемалық мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асыру, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді