Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көлік паркі жаңарып келеді

Шымкентте қоғамдық көлік паркі жаңарып келеді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Қалада жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және автобустар паркін заманауи техникалармен толықтыру – жергілікті биліктің басым бағыттарының біріне айналған. Осы мақсаттағы жұмыстардың нәтижесінде қаладағы қоғамдық көлік паркі тағы да жаңа автобустармен толықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Bozjorga Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысыу барысында жаңа автобустардың әлеуетін де көріп шықты. Қалаішілік бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы компания автопаркіне  осылайша тағы да 17 заманауи автобус қосылды. Қала басшысы қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық көлік ең алдымен қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік талаптарына толық сай болуы тиіс. Сондықтан автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.

Жаңа автобустар 14 тамыздан бастап әлеуметтік маңызы бар №72 бағытта жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Бұл бағыт қаладағы тұрғын алаптарын әлеуметтік нысандармен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен, сондай-ақ ірі сауда орталықтарымен байланыстырады. Осылайша жаңа автобустардың іске қосылуы күнделікті қатынайтын мыңдаған тұрғын үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа техникалардың басты ерекшелігі – олардың заманауи талаптарға сай жабдықталуы. Автобустар төмен еденді платформамен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қозғалысы шектеулі азаматтар мен балалар арбасын пайдаланатын жолаушыларға арналған арнайы пандустар орнатылған. Бұл қоғамдық көліктің барлық санаттағы тұрғындар үшін қолжетімді болуына жағдай жасайды.Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қыркүйек айында «Shymkent Bus» компаниясы қала бағыттарына тағы 31 жаңа автобус шығаруды жоспарлап отыр. Олар бүгінгі күні пайдаланылып жүрген ескірген Ankai маркалы автобустардың орнын басады. Бұл өз кезегінде техникалық ақауларды азайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Жалпы, Шымкентте автобус паркін жаңарту жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қоғамдық көлікке деген сұранысын сапалы қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға және қаланың заманауи көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Заманауи автобустар санының артуы экологиялық ахуалды жақсартуға, көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға және мегаполис тұрғындарының күнделікті өмір сапасын көтеруге де оң әсерін тигізеді.
 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді