Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер есірткінің бірнеше мың дозасының қалаға таралуына тосқауыл қойды

СҚО-да полицейлер есірткінің бірнеше мың дозасының қалаға таралуына тосқауыл қойды
Фото: polisia.kz

Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткіні тасымалдады және таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен ұнтақ тәрізді зат салынған 120 бума тәркіленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда жоспарын жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түскен. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткінің таралуына қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді