Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді

Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматылық спортшы Әнуар Ақылбеков Қытайдың Лишуй қаласында өткен роллер-фристайлдан әлем кубогы кезеңінде топ жарып, алтын медаль иеленді. Бұл Қазақстанның роллер-спорттан әлем кубогы кезеңдеріндегі жарыстар тарихындағы тұңғыш алтыны. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лишуйде өткен халықаралық дода World Skate ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам мықты спортшы қатысты. Олар роллер-фристайлдың Classic Slalom, Speed Slalom, Pair Slalom, Battle, Jump және Slides сынды бірнеше бағыты бойынша өзара бақ сынады.

Қазақстандық спортшы Slides бағытында үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл дисциплинада спортшылар роликті конькимен күрделі техникалық сырғанау элементтерін шеберлікпен орындайды. Жарыс барысында спортшылардың элементтерінің күрделілігі, жылдамдығы, дәлдігі мен орындалу сапасы бағаланады.

«Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Спортымыздың тарихын өзіміз жазып, ең ірі халықаралық жарыстарда Қазақстанның туын көтеріп жүргенімізге өте қуаныштымын. Алға қарай қадам басып келеміз», – деді Әнуар Ақылбеков.

Маусымдағы маңызды халықаралық жарыстардың біріне дайындықты алматылық спортшылар Halyk Arena аумағында өткізді. Мұнда жаттығу процесіне қажетті барлық жағдай жасалған.

Роллер-спорт 14-тен астам бағытты біріктіреді. Бұл спорт түрі Дүниежүзілік және Азия ойындары секілді ірі халықаралық көпсалалы жарыстардың бағдарламасына енгізілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді