Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда көлікті дұрыс қоймаған 2 мыңнан астам жүргізуші анықталды

Павлодарда көлікті дұрыс қоймаған 2 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталуда. Жыл басынан бері полицейлер осындай 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікті белгіленбеген жерге қою жол қозғалысының басқа қатысушыларына, соның ішінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып, қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, Павлодар қаласындағы Бекхожин көшесінде полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser автокөлігінің белгіленбеген жерде тұрғанын анықтады.

Көлік иесі анықталып, оған көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтау және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Полиция азаматтарды көлікті тек белгіленген орындарға қоюға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда "102" арнасына хабарласуға немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы ақпарат беруге болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді