Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді

Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын, оның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асыруды жалғастыруда. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жалпы саны 34,5 мың адам тұратын Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Суды жинақтауға, таратуға және қажетті су қысымын қамтамасыз етуге арналған қысым реттегіш құрылыстарын салу және жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары Қызылжар ауданындағы жалпы саны 4 мыңнан астам адам тұратын 10 ауылды қамтиды. Жоба аясында 59 шақырым тарату желісі мен 77 шақырым ауылішілік су желісі салынады.

Преснов және Соколов су құбырларын пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Нәтижесінде жүйенің сенімділігі артып, су тасымалдау кезіндегі шығындар қысқарып, жоба қамтыған елді мекендердің тұрғындарына ауыз суды жеткізу сапасы жақсарады.

Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары желісі орналасқан – оның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады және ол жалпы саны 175 мың адам тұратын 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан аталған инфрақұрылымды дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 48 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Анықтама: 

2024 жылдан 2026 жылға дейінгі аралықта Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Үкімет жалпы сомасы 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады, олардың басым бөлігі пайдалануға берілген. Оның ішінде жалпы сомасы 226,5 млрд теңге болатын 267 жоба су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді