Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде екі тұрғыннан есірткі салынған 91 орам тәркіленді

Өскеменде екі тұрғыннан есірткі салынған 91 орам тәркіленді
Фото: polisia.kz

Өскемен қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз есірткі айналымының жолын кесті. Іс-шаралар "Қарасора – 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 18 және 19 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікке ілінді. Күдіктілерді жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар салынған 91 орам тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың құрамынан жалпы салмағы 25,29 грамм мефедрон, 27,21 грамм α-PVP психотроптық заттары және жалпы салмағы 6,24 грамм каннабис шайыры анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы көлемі заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілердің біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Есірткі қылмыстарының жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді